«Өзін-өзі тану» пәні бойынша арналған оқу кабинеті » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі тану» пәні бойынша арналған оқу кабинеті
17
маусым
2021

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша арналған оқу кабинеті

                   «Өзін-өзі тану» пәні бойынша арналған оқу кабинетінің мақсаты мен міндеттері

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім берудің негізгі мақсат мүдделері мынандай:

1. Адамның өзіндік білімділіктерін ашу және оның екпінділігін,мінез-құлқын,қабілеттерін ескере отырып,оны жеке тұлға ретінде,іс-әрекет субьектісі әрі жеке – дара субьект ретінде дамыту;
2. Білім алушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3. Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуге жеке тұлға құндылықтарын,алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1. өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2. түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
3. өзіне,адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4. адамдарға көмек көрсету,туыстарына және жақындарына мейірімді,қамқор болу;
5. өзімен-өзі үндестікте өмір сүру,ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
6. жасампаздық пен белсенділік,азаматтылық және елжандылық таныту;
7. өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
8. қоғамға қызмет ету дағдыларын іс-жүзінде дамыту;
«Өзін - өзі тану» пәні бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі мынандай
1. жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
а) өзін-өзі тануға:махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі:
ә) өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
б) әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт
в) адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер-адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу;
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
а) өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
ә) өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, сыпайылық
б) әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық қоғамға қызмет ету;
в) адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік:
3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөліктері: әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: