«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағаты өтті » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағаты өтті
23
қараша
2020

«Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағаты өтті

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияды ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Алматы қаласы Білім басқармасы мен Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына орай 23 қараша – Жалпыадамзаттық құндылықтар күні қазақстандық педагогтердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының мектеп өмірінде дәстүрге айналды. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін құндылықтар туралы әңгіме айтылады. Олар: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау. Мақсаты – «бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету. Міндеттері: мұғалімнің ұсынған және оқушылардың өмірлік тәжірибесінен алынған материалдарды талдау негізінде «бақытты өмір» ұғымының мәні мен мазмұнын ашу; шығармашылық және жобалық іс-әрекеттер барысында жеке өмірлік ұстанымдарды көрсете білу қабілетін дамыту;адамдарға, табиғатқа қамқорлық жасау, әрекет ету кезінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу қажеттілігін тәрбиелеу. Мектептің ІІ ауысымында білім алатын 38 сыныбында, 1048 оқушысына «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында онлайн ашық тәрбие сағаты өтті.
https://www.instagram.com/p/CH7YU92Fv9_/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: