Қимыл, ән, еңбек – шығармашылық онкүндік қорытындыланды
№148 мектеп-гимназиясында «Шабыт үштігі – ән, қимыл, еңбек» онкүндігі өтті Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шабыт үштігі – ән, қимыл, еңбек» атты онкүндік шарасы мазмұнды әрі тағылымды түрде өткізілді. Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнер мен еңбекті ұштастыруға және эстетикалық тәрбиені нығайтуға бағытталған түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Онкүндік аясында ән айту, қимыл-қозғалыс өнері және еңбекке баулу