«Dosbolike» ООБУ тақырыбында акция өткізілді
Мектебімізде орта және жоғары сынып оқушылары арасында «Dosbolike» ООБУ тақырыбында акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар коридорда өз жазуларын жасап, достық, сыйластық және бір-біріне қолдау көрсету сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады. Акцияға қатысушылар шығармашылық тәсіл арқылы өз ойларын білдіріп, достық пен сенімнің маңызын көрсетті. Іс-шара оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға және мектеп қауымдастығында өзара сыйластықты арттыруға бағытталды.