26
қаңтар
2026
Тілдік дағдыларды дамытуға арналған ашық сабақ өткізілді
5 «Ғ» сыныбында ағылшын тілі пәнінен «Types of Writing» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оңдасынқызы Гауһар жүргізді.
Сабақтың құрылымы оқу мақсаттарына толық сәйкес келіп, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталды. Сабақ барысында жеке жұмыс (matching), жұптық жұмыс және топпен комикс жасау тапсырмалары ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен кітап оқуға деген қызығушылықтары артты.
Сонымен қатар сабақ ортасында өткізілген «Air Symphony» сергіту сәті оқушылардың белсенділігін арттырып, жағымды көңіл күй қалыптастырды. Сабақ мазмұнды, әсерлі өтіп, өз мақсатына толықтай жетті.
https://www.instagram.com/p/DUKXOEfip95/?hl=ru





