26
қаңтар
2026
7 «Ә» сыныбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өтті
7 «Ә» сыныбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Турлыбеков Шыңғыс өткізді.



Сабақ барысында LearningApps платформасы арқылы сәйкестендіру тапсырмалары және мәтін бойынша сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылармен тиімді жұмыс жүргізілді. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Бағдаршам» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау қолданылды.
Сабақта заманауи әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы жоғары болды. Барлық тапсырмалар нақты, түсінікті әрі нәтижелі орындалып, сабақ өз мақсатына толықтай жетті.


