Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нурланбекова Ерия Қашқынбекқызы және Ахмади Мустафа мектебімізде қонақта болды
28
қаңтар
2026

Нурланбекова Ерия Қашқынбекқызы және Ахмади Мустафа мектебімізде қонақта болды

2026 жылғы 28 қаңтар күні мектепте ерекше кездесу өтті. Оқушылар қазақ тілінің қадірін түсіне отырып, ағылшын тілін жетік меңгерген, тіл білімін зерттеу арқылы көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектер жазған, табандылығы мен үздіксіз ізденісінің арқасында биік жетістіктерге жеткен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына, «Білім беру саласының Құрметті қызметкері» медаліне ие болған филология ғылымдарының докторы Нурланбекова Ерия Қашқынбекқызы және бірнеше тілді жетік меңгерген, соның ішінде ағылшын тілін қазақ еліне кеңінен танытып, насихаттау жолында табандылық танытып жүрген полиглот, тіл білімінің маманы Ахмади Мустафа мектеп қонағы болды.

Кездесу барысында қонақтар мектеп өмірімен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты, шығармашылық және тілдік дағдыларын көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізілген кездесуге жауапты мұғалімдер: Ыдырысова А., Кыдырбекова Л., Балықова З.

https://www.instagram.com/p/DUKYc39Cves/?hl=ru
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: