29
қыркүйек
2025
Жетістігіміз – ұстаздарымыздың еңбегінде
Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығына орай өткен Алматы қалалық мұғалімдер арасындағы спартакиадада футболдан ІІ орын иеленген Жетісу құрамасының ойыншысы, №148 мектеп-гимназиясының мұғалімі Еркінбеков Ғалымжан арнайы марапатқа ие болды.
Сондай-ақ команданы жарысқа дайындағаны үшін Еркінбеков Ғалымжанға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді.
Осындай жан-жақты, кәсіби деңгейі жоғары ұстаздарымыздың табыстары – мектебіміз үшін зор мәртебе. Бұл жетістік – тек спорт саласындағы емес, жалпы тәрбие мен білім беру жолындағы үлкен еңбектің нәтижесі.
№148 мектеп-гимназиясының оқушылары осындай тәжірибелі ұстаздардан білім алып, тәрбиеленуде.
https://www.instagram.com/p/DPLQ_7sCv70/