Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырып, ғылыми-зерттеу дағдыларын көрсетті. Барлық қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, олардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері ерекше атап өтілді. Іс-шара оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, зерттеу жұмыстарына деген ынтасын күшейтуге және инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.