27
сәуір
2026
Білім бәйгесінде дара шыққан жас дарындар
Жетісу ауданы бойынша өткізілген «Зерделі ұрпақ» математикалық олимпиадасында №148 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.
Білім бәсекесінде өздерінің зеректігі мен алғырлығын дәлелдеген жас дарын иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – оқушылардың тынымсыз еңбегінің, сапалы білімнің, сондай-ақ ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен қолдауының нәтижесі.
Оқушыларымыз олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алып, жаңа белестерді бағындыруға қадам басты.
Жас жеңімпаздарға алдағы сындарда сәттілік, биік жетістіктер және толағай табыс тілейміз!

