Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
наурыз
2026

Рекордқа айналған күй күмбірі

2026 жылғы 17 наурыз күні Алматы қаласындағы «Almaty Arena» көпфункциялы мұз сарайында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Күй құдіреті» атты ауқымды мәдени іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Алматы қаласының білім беру ұйымдарынан жиналған 11 500 оқушы бір мезетте халық күйлерін орындап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл жетістік ұлттық өнерді дәріптеу мен өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайту бағытындағы маңызды қадам болып табылады.
Аталған шараға Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясынан 70 оқушы қатысып, білім ордамыздың абыройын асқақтатты.
Мектеп әкімшілігі атынан өнер көрсеткен барлық оқушыларға, сондай-ақ олардың жетістігіне қолдау білдірген ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Толық бейнероликті төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. 

https://www.instagram.com/p/DV_qsurioEz/?hl=ru,  https://www.instagram.com/p/DV_ZpK2CqOB/?hl=ru, ​https://www.instagram.com/p/DV_dcoOCiI5/?hl=ru​​​











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: