22
ақпан
2021
№ 148 мектеп-гимназияда Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық Қорғаныс» ұранымен іс-шаралар жоспары даярланды
Жетісу ауданы № 148 мектеп-гимназияда Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық Қорғаныс» ұранымен іс-шаралар жоспары даярланды. Жоспар бойынша 18 ақпан күні 9-сынып оқушыларымен спорттық эстафеталық жарыс өткізілді. Жарыста газтұтқыштарды киюден, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуден, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдаланудан үздіктер анықталып, мадақтамалармен марапатталды.











