ҰБТ-2021 ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫ » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-2021 ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫ
12
наурыз
2021

ҰБТ-2021 ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫ

«Енді ҰБТ электрондық форматта өтеді. Бұған дейін балалар қағаз жүзінде тест кітапшаларын алып, одан кейін тиісті парақтарда жауаптарды бояу арқылы тапсыратын. Тест кітапшаларын басып шығартынбыз, ол кітапшалар жеткенге дейін әртүрлі тәуекелдер де болатын. Екіншіден, 2 мыңға жуық кезекші мұғалім жазда бір өңірден екінші өңірге жіберілетін, оған үлкен қаражат бөлінетін және бұл ретте де әртүрлі тәуекелдер болатын. Үшіншіден – бұл ашықтық. Қазір көріп отырсыздар, әр ата-ана баласының қалай тапсырып жатқанын онлайн бақылай алады. Әр балада бір компьютер, бір бейнекамера бар, прокторинг жүйесі арқылы бақылау жүргізіліп жатыр. Сондықтан көшіріп алу деген сияқты академиялық адалдық қағидаларын бұзуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Тағы да бір өте маңызды мәселе, бұрын балалар тестті бір-ақ рет тапсырып, соның нәтижесі бойынша грантқа конкурсқа қатыса алатын. Қазір балаларда екі мүмкіндік бар. Бір рет тапсырып көреді, егер алған нәтижесі ұнамаса, екінші мәрте қайта тапсырып, сол сертификатпен конкурсқа қатыса алады.  Бұл да – үлкен жаңалық», –  деді Министр Асхат Аймағамбетов. 

Электрондық формат ашықтықты барынша қамтамасыз етуге, қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бұл форматтың тағы бір артықшылығы – ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қате жауап берген сұрақтарды көре алады. ҰБТ қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ бірден апелляцияға өтініш бере алады.

Жалпы ҰБТ пәндерінің саны өзгеріссіз қалды – үш міндетті пән және екеуі таңдау бойынша.  Тест тапсырмаларының саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық – 15, оқу сауаттылығы – 20 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырмадан. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылардың максималды 140 балл жинау мүмкіндігі бар.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: