18
мамыр
2021
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда білімнің, өнердің әр түрінен, спорт саласындағы жетістіктерімен танылған оқушыларды марапаттау «Жыл оқушысы – 2021» ұйымдастырылды.

Жыл оқушысы - 2021 марапаттау рәсімінің мақсаты: 2020-2021 оқу жылы бойында үлгілі тәртібі, өнері, озат оқуымен көзге түскен, Республика, Халықаралық дәрежеде сайыстарға шығып, орын алып, мектебіміздің мерейін өсіріп отырған оқушыларды анықтау, марапаттау, қанаттандыру, үлгі ету.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы аясында оқушыларымызды марапаттап, демеушілік көрсеткен
Алматы қалалық Нұр Отан партиясы филиалының бірінші орынбасары Мейіржан Батырбекұлы Отыншиев, Қалалық мәслихат депутаты, бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Daco motors KZ» ЖСШ директоры, кәсіпкер Нұрымбек Тауұлы.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» аясында мектепте қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми, спорттық және шығармашылық жеңістері үшін үздіктерге планшет, смартфон және Yokohama брендінен сыйлықтар берілді. Биыл мектебіміздің оқушылары бокс, шахмат, сурет және пәндік олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болды. Демеушілік жасаған ел азаматтарына мектеп әкімшілігі мен ата-аналар алғысын білдіреді.