Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 5-сынып оқушылары арасында Отбасы күніне арналған "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында сурет байқауы мен көрмесі ұйымдастырылды » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 5-сынып оқушылары арасында Отбасы күніне арналған "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында сурет байқауы мен көрмесі ұйымдастырылды
13
қыркүйек
2021

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 5-сынып оқушылары арасында Отбасы күніне арналған "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында сурет байқауы мен көрмесі ұйымдастырылды

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 5-сынып оқушылары арасында Отбасы күніне арналған "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында сурет байқауы мен көрмесі ұйымдастырылды. Байқау жеңімпаздары мектепішілік мадақтамалармен марапатталды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын.
Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді.
https://www.instagram.com/p/CT3wQIEFZeF/​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: