«Талант – табиғаттан, талап өзіңнен» атты кездесу » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Талант – табиғаттан, талап өзіңнен» атты кездесу
28
қыркүйек
2021

«Талант – табиғаттан, талап өзіңнен» атты кездесу

  • Жетісу ауданы №148 мектеп гимназиясының 7Е сыныбымен «Талант – табиғаттан, талап өзіңнен» атты кездесу өтті.  Іс-шараға республикалық, халықаралық байқаулар лауреаты, вокалист, әнші-термеші, №148 мектеп-гимназияның музыка пәні мұғалімі Дүзенова Жанат Оразбаевна қатысты.   Ақын Қадыр Мырза Әлінің айтқанындай, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген сөзінен қазақ пен домбыраның бір-бірімен егіз екенін бірден аңғаруға болады.Тарихымызды қос ішегіне сыйдырған ұлы аспапты киелі санап, қастерлеп, төрге іліп қоятын қазақ халқы көп пернелі домбырамен әуелетіп ән де, күмбірлетіп күй де шырқаған. Тұңғыш президент Н.Назарбаев қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында шілде айының алғашқы жексенбісін «домбыра күні» деп белгілеуі де тегін емес. Кездесу   барысында оның өзі ұлтымызды ұлықтайтын ұлы аспапқа деген асқан құрметі мен сүйіспеншілігінің белгісі жөнінде насихатталды. Қонағымызға сұрақтар қойылып өзара пікір алмасты. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: