05
қазан
2021
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия оқушылары “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауға қатысуда
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия оқушылары “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауға қатысуда. Байқау аясында "Жетістіктер тарихы" атты Тәуелсіздік жылдарындағы табысқа жеткен тұлға Жухан Айдос "Qazaqstan” ТРК Алматы қаласындағы филиалының атқарушы продюсері, "Нұр-сұңқар" байқауының жеңімпазы онлайн дәріс оқыды. Дәрісте Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ телевизиясы тарихына тоқталды.
Мақсаты: Тәуелсіздік жылдарындағы Ұлттық телеарна тарихымен оқушыларды таныстыру.
Кездесу ұлттық арнаның атқарушы продюсері Айдос Жұқанұлы мен 148 мектеп-гимназияның 9 Б сынып оқушылары арасында өтті. Онлайн кездесу "Таңшолпан" бағдарламасының түсірілім тобының жұмысын көрсетіп, студиясына бейнесаяхат жасаудан басталды. Әрі қарай Ұлттық арнаның алғашқы басшыларының елеулі еңбектеріне тоқталып, тәуелсіздік жылдарындағы телеарна жұмысын басқарған адамдардың жұмыстарына қысқаша шолу жасалды. Одан кейін Ұлттық арнаның тапсырысымен түсірілген қазақтың тарихи фильмдеріне, Отандық телехикаяларымызға жеке-жеке тоқталып өтті. Соңында заманмен бірге өзгерген техникалық жабдықтардың музейін тамашалады оқушылар. Кездесу соңында балалар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін айтты.
#ҰлыДалаӨркениеттері