№148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары негізінде "30 ИГІ ІС" марафоны болып жатыр » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары негізінде "30 ИГІ ІС" марафоны болып жатыр
16
желтоқсан
2021

№148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары негізінде "30 ИГІ ІС" марафоны болып жатыр

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары негізінде "30 ИГІ ІС" марафоны болып жатыр. Бұл марафонның мақсаты - оқушылардың бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Өз жақындарынан бөлек қоғамдағы мұқтаж жандарға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу. Еліміздің Отансүйгіш азаматтары етіп тәрбиелеу.
Акция аясында әр сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге мұқтаж жандарға кішентай көмектерін ұсынып, көңіл бөлуге тырысты. Біз қай сынып кімге, қандай көмек көрсеткенін анықтап жазбаймыз деп шештік, видеодан байқап отырарсыздар. Бұл акцияға оқушыларымыздың белсенді қатысуын қолдап, демеп отырған шәкірттеріміздің ата-аналарына алғысымыз шексіз. Мектеп - оқушы - ата-ана болып жасап жатқан қайырымді істеріміз қабыл болсын.
Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. Оқушылардың бойындағы ізгі қасиеттерді дамыту біздің басты мақсат.
@zhetisu.roo
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
@aliakbarovafatima
@kokobayeva_gulnara
@shaitursyn_daulet 
https://www.instagram.com/p/CXf9lxglQQI/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: