Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі Кодеков Қанағат ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен Республикалық «Бабалар үні» атты көрменің ашылуына жетекшілік етті
17
ақпан
2022

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі Кодеков Қанағат ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен Республикалық «Бабалар үні» атты көрменің ашылуына жетекшілік етті

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәні мұғалімі Кодеков Қанағат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен Республикалық «Бабалар үні» атты көрменің ашылуына жетекшілік етті.
Қанағат Кодеков – «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі, кураторы, «Үздік Педагог-2021» жеңімпазы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Бабалар аманаты»  халықаралық және республикалық көркем еңбектер мен кәсіби суретшілер жинағының авторы. «Бабалар аманаты» - Қазақстан Республикасының халықаралық кәсіби суретшілері мен талантты Көркем еңбек мұғалімдерінің үздік шығармаларының жинағы. Сондай - ақ әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және т. б. арналған
шығармалар жинақтары жарық көрді.
Көркем еңбек пәндерін оқытатын республиканың барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында бірікті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: