21 қыркүйектен бастап «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 21 қыркүйектен бастап «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады
26
қыркүйек
2023

21 қыркүйектен бастап «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады

21 қыркүйектен бастап «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильм 21 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады.

Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды. Телехикаяда бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін Бақыт Қажыбаев, жары Ғайнижамалдың рөлін Зарина Кармен, ақынның қызы Гүлнар Дулатованың рөлін Гүлжан Әспетова ойнады. Сериал режиссері – Мұрат Есжан.

Телехикая өткен жылы «Qazaqstan» арнасының эфирінен және YouTube желісі арқылы орыс, ағылшын тіліндегі субтитрлермен ұсынылып, үлкен аудиторияның қызығушылығына ие болды. 2023 жылғы тұңғыш «Nauryz» ұлттық телесериалдар байқауында «Үздік сериал» атанды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: