Жыл қорытындысы » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
желтоқсан
2023

Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы

Еліміздің білім беру саласын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді. Өйткені мықты мемлекет құру үшін қашанда білімді ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Бүгінгі күні Алматы қаласы Жетісу ауданында мектептердегі орын тапшылығын шешу үшін бірқатар жұмыс жасалуда. Биыл ашылғанына 15 жыл болған №148 мектеп-гимназиясының ғимаратына 3 қабатты 300 орынға арналған жапсаржай салынды. Қосымша құрылыстың жұмысының аяқталып пайдалануға берілгеніне ұстаздар мен оқушы қауымы дән риза. Бүгінгі таңда аталған білім ордасында 2 066 шәкірт білім алуда. Мектептің жаңа оқу ғимаратында 14 оқу, мультимедия, физика, биология-химия кабинеттері, медиатека, сондай -ақ психолог кабинеті қарастырылған. Сонымен қатар, мектеп аумағында жаңа футбол, баскетбол және воркаут алаңдары орнатылған. Бір ерекшелігі, мүмкіндігі шектеулі жандардың жоғары қабаттарға еш кедергісіз көтерілуі үшін де жағдай жасалған. Мұның барлығы болашақ ел тірегі – жас буынның сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан жұмыстар. Өйткені сапалы білім ғана саналы ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/C1R1NZqstNP/​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: