16
қазан
2024
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның оқу жоспарына сай «Жасанды интеллект: Білім, Ғылым және Технология» атты математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның оқу жоспарына сай «Жасанды интеллект: Білім, Ғылым және Технология» атты математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімдері Жалмағамбет Гүлназ бен Рысбаева Айжан «Озық ойлы оқушы» атты 10 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен олимпиада өткізді. Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алгоритмдік және бағдарламалау дағдыларын жетілдіру, ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін кеңейту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10 “Б” сынып оқушысы Шаяхмет Дінмұхамед І-орынды, 10 “А” сынып оқушысы Абдыкеш Ілиас ІІ-орынды, 10 “Б” сынып оқушысы Жақанбай Арайлым ІІІ-орынды иеленді. Оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!👏👏👏💐
@jetisy_aydany
@jetisu_audandyk_bilim_bolimi
https://www.instagram.com/p/DBYoylis05C/
@jetisy_aydany
@jetisu_audandyk_bilim_bolimi
https://www.instagram.com/p/DBYoylis05C/