Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №148 мектеп-гимназияның ұстаздары “Ұстаз” фильмін тамашалады!
20
желтоқсан
2024

№148 мектеп-гимназияның ұстаздары “Ұстаз” фильмін тамашалады!

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның ұстаздары “Ұстаз” фильмін тамашалады!🎬Фильм Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу" деген сөзін негізге ала отырып, ұстаз еңбегінің маңыздылығын айрықша баяндайды.
🎞"Ұстаз" фильмінің премьерасы мен оны таныстыру барысында ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев фильм туралы өз пікірін білдіріп, мұғалімдер мен ұстаздардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін және олардың ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегі ешқашан елеусіз қалмауы керек екені айтылды. "Ұстаз" фильмінің идеясы мен мазмұны мұғалімдер қауымының мәртебесін көтеруге, олардың жұмысының маңыздылығын қоғамға көрсетуге бағытталған.
🎥Мектеп ұжымының ұстаздар қауымы осы фильмді көріп, ұстаз мамандығының қадір-қасиетін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Мұндай шаралар ұстазға деген құрмет пен алғысты нығайтып, қоғамдағы рөлін одан әрі айқындай түсетіні сөзсіз.
📽Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы көрсетілген. Мұғалімнің беделі, шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге ұмтылысы мен жаңашылдығы, сондай-ақ, педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы көрініс табады.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: