Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 “Г” сынып оқушысы Бағдатұлы Дәулет қазақ халқының ұлттық мұрасы – асық ойынына ерекше қызығушылық танытып келеді.
14
қаңтар
2025

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 “Г” сынып оқушысы Бағдатұлы Дәулет қазақ халқының ұлттық мұрасы – асық ойынына ерекше қызығушылық танытып келеді.

Өнегелі 15 минут ✨
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 “Г” сынып оқушысы Бағдатұлы Дәулет қазақ халқының ұлттық мұрасы – асық ойынына ерекше қызығушылық танытып келеді. 🥏

Асық ойыны – тек ұлттық ойын ғана емес, баланың ойлау қабілетін дамытып, мергендігін арттыратын, тепе-теңдік пен ептілікке баулитын тамаша құрал. Бұл ойын балаға шапшаңдық пен ұқыптылықты үйретеді, сондай-ақ, қол-саусақ моторикасын жетілдіреді. Дәулет күн сайын анасымен асық ойнау арқылы отбасының жылы қарым-қатынасын нығайтып, ұлттық дәстүрлерді бойына сіңіруде. 🌟

Асық ойынының тағы бір ерекше мәні – ол балаларды ұжымшылдыққа, әділдікке және достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Дәулет бұл ойынды ойнау арқылы қазақ халқының ұлттық ойындарын құрметтеп, оның маңызын болашақ ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді. 🧩✨
https://www.instagram.com/p/DE09UsZK5OJ/?img_index=1​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: