27
қаңтар
2025
№148 мектеп-гимназиясында 23.01.2025 жылы “Оқу үдерісіндегі кері байланыстың тиімділігі” тақырыбында жас мамандарға арналған семинар-тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 23.01.2025 жылы “Оқу үдерісіндегі кері байланыстың тиімділігі” тақырыбында жас мамандарға арналған семинар-тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 🌟 Іс-шараны тәжірибелі ұстаз Мустафаева Г. өткізіп, оқу үдерісінде кері байланысты дұрыс қолданудың маңыздылығын түсіндірді.
Семинар барысында қатысушылар кері байланыс пен рефлекцияның айырмашылығын ойындар мен тапсырмалар арқылы жан-жақты талдап, тәжірибе жүзінде көріп үйренді. Практикалық бөлімде жас мамандар Венн диаграммасын толтырып, 2 топқа бөлініп, квест ойындарына қатысты. 🧩 Әр топ өз ойларын ортаға салып, пікірлерін қорғады. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыпқа қатысты мазмұнды видеоролик көрсетіліп, одан туындаған сұрақтарға жауап алынды.
Семинардың қорытындысында жас мамандар кері байланыс пен рефлекцияның сабақ үдерісіндегі рөлін түсініп, оларды тиімді қолдану бойынша құнды кеңестер алды. ✨ Ойын түріндегі әдіс-тәсілдер мен қызықты сұрақ-жауап тренингті жандандыра түсті. Қатысушылар тренингтен жаңа идеялар мен шабыт алып қайтты.
https://www.instagram.com/p/DFKgRuhqipY/