Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2025

ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 💥Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған “Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс” атты қалалық іс-шарада майдангерлердің ерлігі ұлықталып, өскелең ұрпаққа өнеге болар тағылымды кеш өтті.

🕊 Бұл күн – біз үшін ерлік пен батырлықтың, қайсарлық пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы!
📍 Шара барысында тарихқа тағзым етіліп, соғыс жылдарында жанын шүберекке түйген батырларымыздың есімі тағы бір мәрте ұлықталды.

🔹 Кешіміздің қадірлі қонақтары:
👨‍🏫 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің маманы Буркитов Дулат Лукбекович
👨‍🏫 Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих және құқық институтының профессорлары:
• Халидуллин Гиззатулла Каймолдаевич (тарих ғылымдарының докторы)
• Абжанов Хангелді Махмутович (тарих ғылымдарының докторы)
• Бекбаева Толқын Аманжолқызы (тарих ғылымдарының кандидаты)
• Жұбанышов Берік Темірханұлы (ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор)
📚 Сонымен қатар, Алматы қаласы білім басқармасының әдіскері Кирбаева Жазира Қанышқызы және қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен 9-11 сынып оқушылары қатысты.

🎤 Шара барысында:
✅ Ерлікке тағзым ретінде 1 минут үнсіздік жарияланды;
✅ “Ұлы дала қырандары” биі қойылып, патриоттық әндер шырқалды;
✅ Оқушылар арасында “Үздік жоба” және “Үздік макет” номинациялары бойынша байқау өтіп, жеңімпаздар марапатталды 🏆✨

✊ Біз – жеңімпаз ұрпақпыз! Ұлы Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Ата-бабамыздың жанқияр ерлігі – мәңгі жадымызда. Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы мәңгі желбіресін!

Ұйымдастырған тарих пәні біртестігі.

https://www.instagram.com/p/DGs-0i1KFc7/​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: