Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №148 мектеп-гимназиясының 0В сыныбында, жас мамандар апталығы аясында өткен «Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын» тақырыбындағы ашық сабақ ерекше әсер қалдырды.
17
сәуір
2025

№148 мектеп-гимназиясының 0В сыныбында, жас мамандар апталығы аясында өткен «Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын» тақырыбындағы ашық сабақ ерекше әсер қалдырды.

Жетысу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының 0В сыныбында, жас мамандар апталығы аясында өткен «Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын» тақырыбындағы ашық сабақ ерекше әсер қалдырды.
Бастауыш пәні мұғалімі Азимкулова Динара Жакуппеқызы жетекшілік еткен сабақта білім алушылардың шығармашылық дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Сабақ барысында:
• Сабақтың басында білім алушылар пішіндер туралы тақпақтарын айтып, қызығушылықтарын оятты.
• Кейін топтарға бөлініп, әр топ пішіндердің ерекшеліктерін талқылап, өз идеяларын ортаға салып, ойын түріндегі тапсырмалар орындады.
• Квест ойыны аясында, QR код арқылы жасанды интеллект көмегімен жасалған видеобейнемен жасырын жұмбақтар шешілді – жұмбақтың жауабында пішіндерді тауып, тақтаға жапсырылды. Соңында, фигуралардан жасалған автокөлік моделі жарық көрді.
• Балалардың қолдары шеберлікпен жұмыс істей отырып, кіші маторикасын дамыту мақсатында, конвертке салынған түрлі түсті қағаздан жасалған қималарды жапсырып, өз нәтижелерін көрсетті.
• Ерекше заманауи нейро жаттығу жасалды.
• «Пішіндер әлемі» атты бейнеролик көрсетіліп, балалар өз ойларымен бөлісіп, рефлексия жасап, әсерлерін түсіндірді.
• Сонымен қатар, ашық сабаққа келген мұғалімдер акианарум ойыны арқылы сыныптың қызықты деректерін суға салынған қағаздар көмегімен оқып, ынтымақтастықта ерекше ләззат алды.

Ашық сабақ сәтті өтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ынтасы ерекше бағаланды.

https://www.instagram.com/p/DIRueESqGb1/​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: