18
сәуір
2025
Наурыз — ұлттың ұлы мейрамы!
Наурыз — ұлттың ұлы мейрамы!
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясының
8 “А” сынып білім алушылары көктемнің жаршысы, береке мен бірліктің белгісі — Наурыз мейрамын ерекше ықыласпен атап өтті!
Бұл күн – тек мереке ғана емес, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді дәріптейтін тағылымды сәт болды. Оқушыларымыз киіз басу өнері туралы мағлұмат алып, өз қолдарымен ұлттық бұйым жасаудан тәжірибе жинады ✋. Қол күрес, салт-дәстүрге негізделген ұлттық ойындар ойналып, «Қара жорға» биі мен күй, ән шырқалып, рухани кешке ұласты
Сынып жетекшісі оқушыларға қазақы нақыштағы тәттілерін ұсынып, ұлттық тағамдар мен наурыз көже әзірлеп, дастархан жайды — шын мәнінде жүрекке жылы, есте қаларлық күн болды!
https://www.instagram.com/p/DInOmaTqvK3/