Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сәуір
2025

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

2024 жылдың 16 шілдесінен бастап Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде ресми түрде бекітілді.
Бұл мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру туралы тапсырмасына сәйкес енгізілді.

Президент өз сөзінде:
«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз».
Бұл – кітапқа деген құрметтің, рухани жаңғырудың, ұлттық ой-сана мен мәдениеттің тағы бір жарқын көрінісі!

Осыған орай Алматы қаласының 148 мектеп гимназия «Ұлы кітаптың ізімен» көрмесі пен кітапты байланыстырған “WEEKEND. BOOK. VIBES”атты шара ерекше форматта, оқырмандар таза ауада жаппай кітап оқып,поэзия әлемінен жыр жолданып, оқыған кітаптарын талқылап, пікір алмасып, көрермен көңілінен шыға білді. Ұлттық кітап күні – бұл мереке тек кітапханашылардың немесе оқырмандардың ғана емес, бүкіл халықтың ортақ қуанышы. Себебі, рухани бай ұлт – оқырман ұлт!
Ұлттық кітап күні құтты болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: