Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 17 сәуір күні №148 мектеп-гимназияда «Цифрлық дәуірдегі оқушылар: Жасанды интеллект көмегімен ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту» тақырыбында Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді.
21
сәуір
2025

17 сәуір күні №148 мектеп-гимназияда «Цифрлық дәуірдегі оқушылар: Жасанды интеллект көмегімен ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту» тақырыбында Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді.

17 сәуір күні №148 мектеп-гимназияда «Цифрлық дәуірдегі оқушылар: Жасанды интеллект көмегімен ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту» тақырыбында Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: Жаратылыстану пәндерінде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен сыни ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларға ғылыми деректерді талдау, модельдеу және болжау әдістерін меңгерту.

Шараның ашылуында мектеп-гимназия директоры Камшат Темирбекова алғы сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі. ДОІЖО Спатаева Дариға мектеп таныстырылымын жүргізді.

STEM технологиясы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында Арипбаева Г. М., Атакулова Ж. М., Шайхымбекова Г. М. өз жұмыстарымен бөлісті.
“Жаратылыстану пәндерінде қолданылатын жасанды интеллект қосымшалары” тақырыбында Есимова М. Д. және Ниязбек П. түрлі бағдарламалармен таныстырып, олардың тиімділігіне тоқталды.

Тренингтік бөлімде Тегис Ә., Алпамысова Г. А., Нуралиев Н. Н., Мұқатай М. Қ. қатысушылармен тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, нақты әдіс-тәсілдерді ұсынды.

Семинардың екінші бөлімі шебер сабақтармен жалғасты.
География пәні мұғалімі Онланбекова А. О. және биология пәні мұғалімі Балқыбекова Р. Ж. 8 “Б” сыныбымен «Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.
Физика пәні мұғалімі Нұрғалиева Б. А. және химия пәні мұғалімі Тален С. И. «Негіздердің химиялық қасиеттері» тақырыбында шебер сабақ ұйымдастырды.

Семинар теория мен практиканы ұштастырған мазмұнды іс-шара болды. Сонымен қатар, қатысушылар үшін coffee break ұйымдастырылып, соңынан кері байланыс сәті жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/DInj41dIOqS/​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: