25
қыркүйек
2025
№148 мектеп-гимназиясының педагогтары «Алматы ұстазы» конкурсында III орын алды
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының ұстаздары кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, «Алматы ұстазы» қалалық конкурсының екінші кезеңінде жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Бастауыш сынып мұғалімі Каршалова Балжан байқаудың екінші кезеңінде жүлделі III орынға ие болды. Бұл – ұстаздың қажырлы еңбегі мен шәкірттерге деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын жемісі.
Сонымен қатар, тарих пәні мұғалімі Ердәулет Исахов та қалалық «Алматы Ұстазы» байқауында III орын иегері атанды. Бұл жетістік оның кәсіби біліктілігінің және педагогикалық шеберлігінің белгісі.
Ұстаздарымызды осындай жоғары нәтиже үшін шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DPDR29ACmg8/
https://www.instagram.com/p/DPFTFNOCkBZ/

