Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 148 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлер сайысы өтуде
07
қазан
2025

148 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлер сайысы өтуде

148 мектеп-гимназиясында өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлер сайысы өтуде

Мектебімізде оқушылардың көшбасшылық қасиетін дамыту, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдау, мектеп өміріне белсенді араластыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйымының президентін сайлау науқаны басталды. 2025–2026 оқу жылына арналған бұл лауазымға мектептің белсенді, жауапкершілікті жоғары деңгейде сезінетін үш үміткер өз кандидатураларын ұсынды:

Тұрсынбай Ансар – 10 "А" сынып оқушысы

Ансар өзінің кандидатурасын ұсына отырып, оқушылардың үнін тыңдай білуді, әрбір идеяға қолдау көрсетуді басты мақсат етіп қойып отыр. Ол – үздік оқу үлгерімімен ерекшеленетін, «Қызыл аттестат» иегері, «Алтын сақа» байқауының жеңімпазы. Спорт саласында да үлкен жетістіктерге жеткен: облыстық футбол турнирінің жүлдегері, бокстан ІІ разряд иегері, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар информатика пәнінен қалалық олимпиадада жүлделі орын алған.

Кастеева Зере – 10 "В" сынып оқушысы

Зере – жауапкершілігі жоғары, жан-жақты дамыған, шығармашылыққа жақын оқушы. Ол – би байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері, аудандық математика байқауында ІІ орын иегері, «148news» журналистикалық клубының белсенді мүшесі. «Қызыл аттестат» иегері әрі «Алтын белгі» үміткері. Ағылшын және кәріс тілдерін меңгерген, түрлі сертификаттарға ие. Мақсаты – әр оқушының пікірін ескеру арқылы мектепті дамыту, клубтар жұмысын жүйелеу және жаңа бағыттар ашу.

Мамыр Диас – 148 мектеп-гимназиясының белсенді оқушысы

Диас – спорт саласындағы үлкен жетістіктерімен танылған үміткер. Алматы қаласының үш дүркін чемпионы, 4 чемпиондық белбеудің иегері, Қазақстан чемпионатының жүлдегері және КМС (Кандидат в мастера спорта) атағының иесі. 70-тен астам медаль, 10-нан аса кубок иеленген. Ол – мектепті жайлы әрі қызықты ортаға айналдыруды, әр оқушының дауысын естуді және ұсыныстарын жүзеге асыруды басты мақсат деп біледі.


Әр үміткер – өз ісіне берілген, мақсат-міндетін нақты айқындаған көшбасшы. Олар мектеп өміріне тың серпін әкеліп, оқушылардың бастамаларын жүзеге асыруға дайын.

Сайлау нәтижесі бойынша оқушылар дауыс беру арқылы 2025–2026 оқу жылына арналған өзін-өзі басқару ұйымының жаңа президентін анықтайтын болады.

https://www.instagram.com/p/DPWggEeCglu/
https://www.instagram.com/p/DPWk8-7io0z/
https://www.instagram.com/p/DPWlFzLCoIO/



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: