09
қазан
2025
Таңғы дене жаттығулары – сергек күннің бастауы
Бүгін мектепте оқу күні дәстүрлі түрде таңғы дене жаттығуларымен басталды. Бұл бастама – салауатты өмір салтын насихаттаудың, оқушылардың бойында шынығуға деген қызығушылықты арттырудың және күні бойғы сергек көңіл күй қалыптастырудың тиімді жолы.
Таңғы жаттығулар:
Оқушылардың денсаулығын нығайтуға;
Көңіл-күйін көтеріп, сабаққа деген ынтасын арттыруға;
Тәртіпке баулуға және күн тәртібін дұрыс ұстануға ықпал етеді.
Белсенді қозғалыс – денсаулықтың кепілі. Күнделікті таңғы гимнастика мектеп оқушыларының бойында сергектік пен жинақылық қалыптастырып, оқуға деген зейінін арттырады.
Салауатты ұлт – ел болашағының жарқын кепілі. Осындай игі бастамалар мектеп өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда.
https://www.instagram.com/p/DPf6BBfilSp/
