15
қазан
2025
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында ашық сабақ өткізілді
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында «Сандар мен кодтар әлемінде» атты математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Калдыбек Әмір 11 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс».
Сабақтың басында оқушылар қазақтың көрнекті ғалымы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтің сыныпқа арналған тілегін тыңдады. Мұғалім жаңа тақырыпты қысқаша слайд арқылы түсіндіріп, оқушылардың белсенділігін арттырды. Білімдерін бекіту мақсатында Quizizz платформасында қызықты тапсырмалар орындалды.
Оқушылар сабақтан ерекше әсер алып, қызықты форматтағы сабақтың тиімді болғанын атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DP8POnJCkYP/?hl=ru