№2 Педагогикалық кеңес өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Табысты тұлға қалыптастырудағы құндылықтарға бағытталған білім беру» тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.
Кеңесте 2025–2026 оқу жылының І тоқсан қорытындысы қаралып, оқу сапасы мен оқушылардың жетістігіне талдау жүргізілді. Сонымен қатар мұғалімдер ЕБҚ (еңбекбасты құндылықтар) оқушылармен жұмыс тәжірибесін, тұлғалық қасиеттерді дамыту әдістерін ортаға салды.
Практикалық бөлімде баяндамашылар:
Дүйсенбекова Қ., Нарбаева К.Ж. – «ЕБҚ оқушылардың оқу жетістігін арттырудағы ынтымақтастық моделі»
Карибаева Л.П., Байсенгирова Г.К. – «Тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған сабақ үлгілері мен әдістері»
Кеңес ұстаздарға кәсіби тәжірибе алмасуға, оқу процесінің сапасын арттыруға және білім беру үрдісіндегі тиімді әдістемелерді талқылауға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/p/DQgU5V7Cins/?hl=ru