Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының темірқазығы
05
қаңтар
2026

Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының темірқазығы

Қазақ әдебиеттануы мен абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ғалым, зерттеуші, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай мектебіміздің кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Аталған көрмеде ғалымның өмір жолы мен ғылыми-зерттеу еңбектерін кеңінен танытатын кітаптар, Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған іргелі зерттеулері, сондай-ақ естелік еңбектер мен құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды.

Кітап көрмесінің негізгі мақсаты – оқушыларды ұлттық рухани құндылықтарды қастерлеуге, тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ әдебиетінің бай мұрасын терең тануға бағыттау. Сонымен қатар, жас ұрпаққа Қайым Мұхамедханов сынды ұлтқа адал қызмет еткен тұлғаның өнегелі өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау көзделді.

Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның еңбегі – келер ұрпақ үшін мәңгілік өнеге.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: