03
қаңтар
2026
Қысқы демалыс – жарқын сәттерге толы!
148 мектеп-гимназияның 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісінің жетекшілігімен қысқы демалыс кезеңінде мәдени-танымдық іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар «Аватар» көркем фильмін тамашалап, ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған түрлі ойындарға қатысып, жағымды әсер алды.
Аталған демалыс оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті.
Қысқы каникул оқушылар үшін мазмұнды әрі есте қаларлықтай өтті.
