Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №3 әдістемелік кеңес отырысы өтті
06
қаңтар
2026

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №3 әдістемелік кеңес отырысы өтті

2026 жылғы 05 қаңтарда Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында №3 әдістемелік кеңес отырысы ұйымдастырылды.

Кеңестің тақырыбы:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының нәтижесі»

Отырыста білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті және тәжірибелік маңызы жоғары мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда:

🔹 STEM технологиялары және оларды білім беру үдерісінде қолдану
Баяндамашы: математика пәнінің мұғалімі Әмір Қалдыбек

🔹 Бастауыш және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндік қорытындысы
Баяндамашылар: Каршалова Балжан, Рүстемова Мадина

🔹 Оқушылардағы білім олқылықтарын жою және білімнің жоғалуын қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстар
Баяндамашылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Кашаулиева Эльмира, Нусипова Жансая

🔹 5–11 сынып оқушыларының қиын тақырыптарды меңгеру барысы
Баяндамашы: математика пәнінің мұғалімі Дорветхан Гүлжан

🔹 Жасанды интеллект қолданылатын білім беру платформаларына (ChatGPT, Khan Academy және т.б.) жасалған сараптама
Баяндамашылар: бастауыш сынып мұғалімдері Есенбаева Дәмегүл, Медетова Раушан

Кеңес барысында функционалдық сауаттылықты дамыту, білім сапасын арттыру, заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдары талқыланып, педагогтер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты.

 Кеңес соңында білім беру ісіне белсенді үлес қосқан ұстаздар марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DTOeJekCsaj/?hl=ru





















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: