Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы
Мектебімізде жаратылыстану ғылымдары онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. «Жаратылыстану ғылымдары – зерттеу мен инновациялар бастауы» атты онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру.
Ашылу рәсімінде ғылымның қоғам дамуындағы рөлі, зерттеу жұмыстарының маңызы мен инновацияның болашаққа бастар жолы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, алдағы онкүндік барысында өткізілетін пәндік олимпиадалар, зияткерлік сайыстар, зертханалық тәжірибелер, ашық сабақтар мен ғылыми жобалар таныстырылды.
Жаратылыстану бағытындағы пәндер – табиғатты танудың, ғылыми ізденістің және жаңа технологиялардың негізі. Онкүндік аясында оқушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.
Ғылымға қызығушылық – жарқын болашақтың кепілі. Онкүндік барша оқушыларға жаңа идеялар, тың бастамалар және жоғары жетістіктер әкелсін!
Толығырақ ақпаратты Instagram парақшаларымыздан көре аласыздар! https://www.instagram.com/p/DUulr2Kipeq/?hl=ru








