🏆 АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ! 📍 2026 жылғы 24–27 ақпан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 9–11 сынып оқушыларына арналған респ
2026 жылғы 24–27 ақпан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы қорытынды кезеңі өтті.
Конкурс оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, дарынды жас зерттеушілерді қолдауға және еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Алматы қаласы бойынша іріктеліп, республикалық кезеңге жолдама алған Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия 9 «А» сынып оқушылары «Информатика» секциясы бойынша:
✨ Оралбек Дарын
✨ Өтенбай Әмина
Оқушылар қалалық кезеңде ІІІ орын иеленіп, тестілеу кезеңінен және республикалық сараптамадан сәтті өтіп, Астана төрінде өз жобаларын қорғады.
Шәкірттерінің ғылыми жетістіктеріне жетекшілік еткен ұстаз – Рысбаева Айжан.
Оқушыларымыз ғылыми жобаларын жоғары деңгейде қорғап, сертификат иегерлері атанды. Бұл – табандылық пен үздіксіз ізденістің нәтижесі.
Ғылым жолы – еңбек пен сенімге толы. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз биік болсын! Бүгінгі қадам – ертеңгі үлкен жетістіктің бастауы.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

















