05
наурыз
2026
«Хабарландыру: №148 мектеп-гимназиясында 5-10 сынып оқушыларына арналған «Көктем аруы – 2026» байқауы өтеді»
Көктем аруы – 2026» байқауы 5-7 сынып оқушылары арасында өткізіледі.Байқау күні: 12 наурыз 2026 жыл, сағат 10:00
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
I кезең – «Ұлттық киім – асыл мұра»
Қатысушылар бір әуен аясында қазақтың ұлттық киімдерінен этнодефиле көрсетеді. Бағалау критерийлері – киім үлгісі және сахнада өзін ұстауы.
II кезең – «Сәлем – сөздің анасы»
Қатысушы өзін таныстырады, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
III кезең – «Білгенге маржан»
Салт-дәстүрге және ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап өткізіледі.
IV кезең – «Талантыңмен таң қалдыр»
Қатысушылар өз өнерін көрсетеді: ән айту, би билеу, өлең оқу, монолог оқу, музыкалық аспапта ойнау және басқа да өнер түрлері. Әр сахнаға бір уақытта 3 адамнан артық қатыса алмайды.
Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сахна мәдениетін және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған.
«Көктем аруы – 2026» байқауы 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілетін болады.Байқау күні: 13 наурыз 2026 жыл, сағат 12:00
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады:
I кезең – «Ұлттық киім – асыл мұра»
Қатысушылар бір әуен аясында қазақтың ұлттық киімдерінен этнодефиле көрсетеді. Бағалау критерийлері – киім үлгісі және сахнада өзін ұстауы.
II кезең – «Сәлем – сөздің анасы»
Қатысушы өзін таныстырады, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
III кезең – «Білгенге маржан»
Салт-дәстүрге және ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап өткізіледі.
IV кезең – «Оқу – ой азығы»
Қатысушылар қазақ әдебиетіндегі классикалық көркем шығарманы насихаттау мақсатында бейнежазба дайындайды. Әр қатысушы өз таңдаған шығармасына арналған жарнамасын алдын ала ұсынып, таныстырады.
V кезең – «Талантыңмен таң қалдыр»
Қатысушылар өз өнерін көрсетеді: ән айту, би билеу, өлең оқу, монолог оқу, музыкалық аспапта ойнау және басқа да өнер түрлері. Әр сахнаға бір уақытта 3 адамнан артық қатыса алмайды.
Байқаудың әр кезеңі оқушылардың шығармашылық қабілетін, сахна мәдениетін және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған.