21
сәуір
2026
«Зерде» байқауындағы жарқын жетістік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының оқушысы Сағындық Сәуле XXI «Зерде» 2–7 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңінде ағылшын тілі секциясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Жетекшісі – Ыдырысова А.Н.
Бұл жетістік – оқушымыздың білімге деген құштарлығы мен ізденісінің, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби біліктілігінің нәтижесі.
Сағындық Сәулені және жетекшісі Ыдырысова Айжанды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!
