30
сәуір
2026
Зияткерлік додадағы жетістік: республикалық олимпиада жүлдегері
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 6 «Г» сынып оқушысы Асқар Алдияр Саламатұлы Көкшетау қаласында өткен тоғызқұмалақтан республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды.
Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен зияткерлік қабілетінің, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі еңбегінің айқын нәтижесі. Тоғызқұмалақ – ұлттық құндылық ретінде логикалық ойлауды, сабырлылықты және стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын дамытатын зияткерлік ойын.
Мектеп ұжымы Асқар Алдиярды айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына сәттілік тілейді.
Толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DXvhZrQCnnu/?hl=ru&img_index=3