Ақ жол Жас Түлек - 2020! » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
маусым
2020

Ақ жол Жас Түлек - 2020!

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 03.06.2020 күні Алматы қаласы Білім басқармасының 2020 жылдың 25 мамыры күнгі №05-1-4/766 хатына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен жолданған тұжырымдамасына сәйкес Еріктілер жылына арналған «BIRGEMIZ: ТҮЛЕК 2020» атты мектеп бітіретін түлектерге арналған аттестатты табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Жетісу ауданы Әкімінің орынбасары Бірбаев Бауыржан Оразнайұлы, Алматы қаласы Білім басқармасының маманы Әсел Қазыбекқызы, Жетісу ауданы Білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы қатысты. Келген қонақтар түлектерге ізгі тілектерін айтып, мерекемен құттықтап, аттестаттарын табыстады.
2019-2020 оқу жылында мектебімізді 103 түлек аяқтап отыр. Оның ішінде 8 түлек "Алтын Белгі" иегерлері, 12 түлек "Үздік аттестат" иегерлері атанды. Түлектерімізді аттестат алған қуаныштарымен құттықтаймыз! Алдарындағы үлкен сынақ ҰБТны сәтті тапсырып, мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз! Ақ жол Жас Түлек - 2020!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: