Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Наурызнама:18 наурыз “Ұлттық киім күніне” орай 2000 жуық оқушылар ұлттық нақышта киімдерін киді.
18
наурыз
2025
Наурызнама:18 наурыз “Ұлттық киім күніне” орай 2000 жуық оқушылар
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия ⚜️ Наурызнама:18 наурыз “Ұлттық киім күніне” орай 2000 жуық оқушылар ұлттық нақышта киімдерін киді.⚜️ Кестелі оюлармен көмкерілген бешпет киген тұлымдылар мен шашпау таққан бұрымдыларға көзің сүйсінеді. Жеткіншектер мәдени мұрамызды насихаттап қана қоймай, әр киімнің сырына терең үңіліп, білімін арттырады. ⚜️Бастама еліміз бойынша жүріп жатқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Мақсат – ұлттық киімдердің сән-салтанатын көрсету, насихаттау
Жетісу ауданы, 148 мектеп-гимназиясында Эстетика бірлестігінің апталығы аясында нағыз эмоция толы мереке өтті!
18
наурыз
2025
Жетісу ауданы, 148 мектеп-гимназиясында Эстетика бірлестігінің
Жетісу ауданы, 148 мектеп-гимназиясында Эстетика бірлестігінің апталығы аясында нағыз эмоция толы мереке өтті! Нұрғиса Тлендиевтің 100 жылдығына арналған «Ұлы тұлға Нұрғиса» атты концерт – ұлттық өнеріміздің жарқын нұрын, өткен мен болашақтың ғажайып үйлесімін паш етті.  Әрбір нота мен ырғақ жүрегімізде махаббат, рухани толқулар мен ұлттық дәстүрдің шуағын сыйлады. Ұлы тұлғаға деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілік осы керемет кеште толық сезілді! Мәдениетімізді бірге көтеріп, болашаққа жарқын
Нағыз ұстаз – тек үйретуші ғана емес, өз ісімен үлгі бола білетін жан.
17
наурыз
2025
Нағыз ұстаз – тек үйретуші ғана емес, өз ісімен үлгі бола білетін жан.
https://www.instagram.com/p/DHJTommqhoh/ Нағыз ұстаз – тек үйретуші ғана емес, өз ісімен үлгі бола білетін жан. Біздің мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Еркінбеков Ғалымжан оқушыларға спорт ойындарын үйретіп қана қоймай, өзі де белсенді спортшы. ⚽🏅 Ол Лига 1 командасының капитаны ретінде Алматы қаласы ПФЛ қыстық лигасының 2024-2025 жылғы жеңімпаздары қатарында! Бұл – еңбектің, табандылықтың және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Оқушыларымызға үлкен мотивация! 
Наурызнама – Жаңа 10 форматта!
14
наурыз
2025
Наурызнама – Жаңа 10 форматта!
Наурызнама – Жаңа 10 форматта! ✨ Көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні биыл ерекше өтпек! Наурызнама жаңа 10 форматта ұйымдастырылып, сізді ұмытылмас әсерге бөлейді. ✅ Дәстүр мен жаңашылдық ✅ Ұлттық ойындар мен заманауи сайыстар ✅ Арнайы қойылымдар мен өнер көрсетілімдері ✅ Дәмі тіл үйірер наурызкөже мен ұлттық тағамдар Бұл Наурыз – бұрынғыдан өзгеше! Қай формат қызықтыратынын білгіңіз келе ме? Күтіңіз! Жақында толық ақпаратпен бөлісеміз! ​https://www.instagram.com/p/DHI6YEoqYH_/​​​ 
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Эстетика бірлестігінің “Өнер-ұлттың асыл қазынасы” атты онкүндігі ашылды.
13
наурыз
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Эстетика бірлестігінің
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Эстетика бірлестігінің “Өнер-ұлттың асыл қазынасы” атты онкүндігі ашылды. https://www.instagram.com/p/DHIuUrWMNkE/
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 5-7 сынып қыздары арасында “Көктем аруы-2025” байқауы өтті.
12
наурыз
2025
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 5-7 сынып қыздары арасында
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 5-7 сынып қыздары арасында “Көктем аруы-2025” байқауы өтті. https://www.instagram.com/p/DHDiBvVMbaJ/
Мама, жанарың сенің жып-жылы…
10
наурыз
2025
Мама, жанарың сенің жып-жылы…
Мама, жанарың сенің жып-жылы… 3 “Г” сынып оқушылары барлық аналарымызды көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтайды! Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз, қамқор алақандарыңыз бізге әрдайым жылу сыйлайды. Сіздердің күлімдеген жүздеріңіз – біздің ең үлкен қуанышымыз! Ана – әлемнің ең асыл қазынасы, ең шынайы махаббаты! Біз сіздерді шексіз жақсы көреміз! 💐🌸 Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар! 🌸💐 ​https://www.instagram.com/p/DG6OlwLqtCH/​​​ 
Мерекелік көңіл-күй мен шынайы құрмет!
08
наурыз
2025
Мерекелік көңіл-күй мен шынайы құрмет!
Мерекелік көңіл-күй мен шынайы құрмет! 7 наурыз күні мектебімізде ерекше жылулық пен шаттық толқынысымен еске қаларлық кеш өтті! Оқушыларымыз ұстаздарымызға жүректен шыққан әндерін шырқап, билерін билеп, шын ықыластарын паш етті. Ер мұғалімдер де өздерінің әсерлі әндерімен мерекеге қосқан үлесін көрсетті. Мектеп директоры ұстаздарымызды оқу бөлімі, «Аманат» партиясы және мектепшілік мадақтамалармен марапаттап, еңбектеріне ризалығын білдірді. Сонымен қатар, барлық әйелдер қауымын халықаралық