көркем әдебиет кітаптарын оқуға арналған "KITAP DAY" қоңырауы » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » көркем әдебиет кітаптарын оқуға арналған "KITAP DAY" қоңырауы
21
қаңтар
2020

көркем әдебиет кітаптарын оқуға арналған "KITAP DAY" қоңырауы

№148 мектеп-гимназияда Жетісу аудандық Білім бөлімінің және "Нұр Отан" партиясы Жетісу ауданы филиалының тапсырмасына орай мектептің тәрбие жоспарын іске асыру мақсатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен мектептің оқушылары әр аптаның сенбі күнгі үлкен қоңырауы оқушылардың өздері қалаған көркем әдебиет кітаптарын оқуға арналған "KITAP DAY" қоңырауы болды. Былтырғы оқу жылынан басталған бұл игі үрдіс оқушылар арасында өз жалғасын тауып келеді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, 9"Б" сыныбының жетекшісі Мырзабаева Ыдаят Бектасқызы өз сыныбының оқушыларымен бірге Саят Қамшыгердің "Тастамашы, ана" мен "Ертегісіз өткен балалық" кітаптарын түгелі осы тоқсанның басында сатып алып оқып бітті. Шәкірттеріміздің кітап оқуға деген қызығушылығының артқандығы байқалуда. Оқып біткен кітаптарын оқушылар ата-аналарының рұқсатымен мектеп кітапханасының қорын молайту мақсатында кітапхана тарту етуде. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: