“Тіл-қоғамның айнасы” атты онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 25.01-02.02 аралығында мектептің оқу жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының “Тіл-қоғамның айнасы” атты онкүндігі өтіп жатыр.Онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Әбдікерім Дана мен Нүсіпова Жансая 8-10 сыныптар арасында халық жазушысы,профессор, академик Зейнолла Қабдоловтың 95 жылдық мерейтойына арналған “Әдебиеттің қаһарман Қабдоловы”тақырыбында әдеби естеліктер кешін өткізді.