Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"АЙБЫН" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жарысы
28
қараша
2020
"АЙБЫН" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны жарысы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары, Алматы қаласының "Барыс" әскери-патпиоттық клубының мүшелері Орымбек Әділет, Мухаметказиев Алмас, Нұрмұханов Елнұр "АЙБЫН" Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында 37 команданың ішінде 6 орынға табан тіреді. Оқушыларымызды бұл сайысқа дайындаған алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Мұратов Марат. 
Мектепішілік пәндік олимпиада өтілді
26
қараша
2020
Мектепішілік пәндік олимпиада өтілді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 26.11.2020 күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадасын өткізу туралы» 23 қараша 2020 жылғы №110 хаты негізінде математика, информатика және жаратылыстану пәндерінен мектепішілік олимпиада офлайн түрде өткізілді. Мектепішілік пәндік олимпиадаға алты пәннен 120 жуық оқушы қатысты.
№148 мектеп-гимназияда 23.11.2020 күні кезекті директор жанындағы жиналыс онлайн форматта өтті
23
қараша
2020
№148 мектеп-гимназияда 23.11.2020 күні кезекті директор жанындағы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 23.11.2020 күні кезекті директор жанындағы жиналыс онлайн форматта өтті. Жиналыста оқушылардың сабаққа қатысуы, күнделік kz жүргізілуі, ағымдағы мәселелер қаралды. 
№148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес "The formation of a multilingual personality is the basis for competitive society" тақырыбында шет тілі кафедрасының онкүндігі
23
қараша
2020
№148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес "The formation
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес "The formation of a multilingual personality is the basis for competitive society" тақырыбында шет тілі кафедрасының онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрманбаева Динара 11Ә сыныбымен "Human brain" тақырыбында ашық сабақ өтті.
ҚАЛАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесі
21
қараша
2020
ҚАЛАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімдері, тәлімгері Абаева Оразбиби Бекбергеновна мен жас маман Тайтулеева Индира Бактыжановна Тәлімгер мен жас маманның үйлесімді шығармашылықпен нәтижелі жұмыс ұйымдастырғаны үшін ҚАЛАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАНДЕМ» әдістемелік жәрмеңкесіне қатысып жүлделі ІІ ОРЫНға ие болды.
№148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес "The formation of a multilingual personality is the basis for competitive society" тақырыбында шет тілі кафедрасының онкүндігі
20
қараша
2020
№148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес "The formation
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес "The formation of a multilingual personality is the basis for competitive society" тақырыбында шет тілі кафедрасының онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Исаева Тоты Анашқызы 10Г сыныбымен "Everyday technology"тақырыбында ашық сабақ өтті.
№148 мектеп-гимназиясындағы оқушылардың оқулықпен қамтылуы жəне кітап қорындағы көркем әдебиеттердің саны
19
қараша
2020
№148 мектеп-гимназиясындағы оқушылардың оқулықпен қамтылуы жəне кітап
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 19.11.2020 күні мектеп кітапханасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Бейсембаев Ғани Бектаевич, Жетісу ауданы Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы оқушылардың оқулықпен қамтылуы жəне кітап қорындағы көркем әдебиеттердің санын бақылауға келді.
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 19.11.2020 күні мектептің оқу жоспарына сәйкес шет тілі кафедрасының онкүндігі ашылды. Такырыбы: "The formation of a multilingual personality is the basis for competitive society".
19
қараша
2020
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 19.11.2020 күні мектептің оқу
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 19.11.2020 күні мектептің оқу жоспарына сәйкес шет тілі кафедрасының онкүндігі ашылды. Такырыбы: "The formation of a multilingual personality is the basis for competitive society".
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық әль Фараби атындағы жаратылыстану - математика пәндері бойынша 10-сыныптарға арналған олимпиада қорытындысы
18
қараша
2020
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығының
"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық әль Фараби атындағы жаратылыстану - математика пәндері бойынша 10-сыныптарға арналған олимпиада қорытындысы бойынша №148 мектеп гиназияның 10 "В" сынып оқушылары Сергей Қайыржан Әбіләкім Әлішер Әлімжан Аяулым жүлделі ІІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі Шойбек Анар Қалибекқызы. 
"Қош келдің, Алтын күз" атты Республикалық жас таланттар байқауы
18
қараша
2020
"Қош келдің, Алтын күз" атты Республикалық жас таланттар байқауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 3Ғ сынып оқушысы ТЛЕУХАН АМИНА Республикалық "Өрлеу" порталының және "МediaBilim" ақпараттық танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен "Қош келдің, Алтын күз" атты Республикалық жас таланттар байқауының "Үздік қолөнер" номинациясы бойынша қатысып, шығармашылық дарынымен ерекшеленіп І ОРЫН иеленді. Жетекшісі Нұрсеитова Әлия.