Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№148 мектеп-гимназияда 11.11.2020ж.   «Сандық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында №2 Педагогикалық кеңес өтті
11
қараша
2020
№148 мектеп-гимназияда 11.11.2020ж. «Сандық білім беру ресурстарын
Жетысу ауданы №148 мектеп-гимназияда 11.11.2020ж. №2 Педагогикалық кеңес өтті Тақырыбы: «Сандық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері» Күн тәртібінде 1. Оқыту және оқу жүйесіндегі қашықтықтан оқыту жағдайында заманауи сандық технологиялар  Жауаптылар: Дорветхан Г., Ерғали М. 2. Сандық білім беру ресурстарын жаратылыстану пәндерінде қолданудың тиімділігі Жауаптылар:Taлен C., Ниязбекова А, Балыбекова Р. 3. I тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім деңгейлерінің
"Үздік педагогикалық мақала" конкурсы
30
қазан
2020
"Үздік педагогикалық мақала" конкурсы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қайырбаев Мұрат Манапұлы "Руғани жаңғыру" ақпараттық-сараптамалық орталығы және "Тағылым" республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған "Үздік педагогикалық мақала" конкурсының "Үздік сабақ жоспары" номинациясы бойынша І ОРЫН иеленді. Мұрат ағайды құттықтаймыз!
"Салауатты өмір-нұрлы болашақ"
29
қазан
2020
"Салауатты өмір-нұрлы болашақ"
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу жоспарына сәйкес "Салауатты өмір-нұрлы болашақ" тақырыбында дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері әдістемелік бірлестігінің апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында Совет Дарын Жанболатұлы 6Ә сыныбымен "Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту " тақырыбында ашық сабақ өтті.
№148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі Орынбеков Дәурен Тұрарбекұлы "Өнерпаз болсаң" қалалық қашықтық байқауында әділ төрелік жасағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
29
қазан
2020
№148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі Орынбеков
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі Орынбеков Дәурен Тұрарбекұлы "Өнерпаз болсаң" қалалық қашықтық байқауында әділ төрелік жасағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
№148 мектеп-гимназияда мектеп психологының жұмыс жоспары аясында Ләйлә Ерекенқызы "Өмірлік мақсат- өміріміздің мәні" тақырыбында 10В сынып оқушыларына онлайн дәріс өткізді.
29
қазан
2020
№148 мектеп-гимназияда мектеп психологының жұмыс жоспары аясында
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектеп психологының жұмыс жоспары аясында Ләйлә Ерекенқызы "Өмірлік мақсат- өміріміздің мәні" тақырыбында 10В сынып оқушыларына онлайн дәріс өткізді. Өмірлік мақсат адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтиже. Әр адамның дамуы үшін алға жылжуы үшін мақсаттың орны ерекше екені айтылды.
"Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме байқауы
28
қазан
2020
"Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 8Ж сынып оқушысы Садықан Дінмұхамед қалалық "Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме байқауына қатысқаны үшін марапатталды. Жетекшісі Кодеков Қанағат Қалиұлы. Құттықтаймыз!
1-сынып оқушыларына "Кітап еліне қош келдің!" тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді
27
қазан
2020
1-сынып оқушыларына "Кітап еліне қош келдің!" тақырыбында кітапханаға
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы аясында, мектеп кітапханашыларының жылдық жоспары негізінде 1-сынып оқушыларына "Кітап еліне қош келдің!" тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді. 
Кезекті директор жанындағы жиналыс онлайн форматта өтті
27
қазан
2020
Кезекті директор жанындағы жиналыс онлайн форматта өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда 26.10.2020 күні кезекті директор жанындағы жиналыс онлайн форматта өтті. Жиналыста оқушылардың 1 айлық сабаққа қатысуы мен ТЖБ алу графигі қаралды. 
Қашықтан оқыту кезіндегі бастауыш сыныптарды бақылау
24
қазан
2020
Қашықтан оқыту кезіндегі бастауыш сыныптарды бақылау
Жетісу ауданы № 148 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садырқұлова Ұлмира Салқынбекқызы бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан алып отырған білім сапасын бақылау мақсатында мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жұмыстарын жүргізді.