"Жыл мұғалімі-2020" байқауының бірінші кезеңі мектепішілік кезеңі өз мәресіне жетті. » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жыл мұғалімі-2020" байқауының бірінші кезеңі мектепішілік кезеңі өз мәресіне жетті.
11
ақпан
2020

"Жыл мұғалімі-2020" байқауының бірінші кезеңі мектепішілік кезеңі өз мәресіне жетті.

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Алматы қаласы әкімінің қолдауымен, Алматы қаласы Білім Басқармасының, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына орай Алматы қаласы орта білім ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін "Алматының жыл мұғалімі" байқауының ережесіне сүйене отырып мектебімізде "Жыл мұғалімі-2020" байқауының бірінші кезеңі мектепішілік кезеңі өз мәресіне жетті. Мектепішілік байқауда БАС ЖҮЛДЕНІ бастауыш сынып мұғалімі Нұрғожина Ләйлә иеленді. І ОРЫНды физика пәнінің мұғалімі Ниязбекова Ақмарал, ІІ ОРЫНды қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сагимова Гүлнұр, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Исмаилова Сәнімгүл мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қайратқызы Гүлназ иеленді. ІІІ ОРЫНды биология пәнінің мұғалімі Балқыбекова Рабиға мен информатика пәнінің мұғалімі Сүлейменова Шұғыла жеңіп алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Күнесәлі Есенәлі мен орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айнекеева Айжан номинация иеленді. Ұстаздарымызға "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының мектепішілік төрайымы сыйлықтар табыс етті. Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Ләйлә Қасқанқызына байқаудың аудандық кезеңінен сүрінбей өтіп, қалалық байқауға жолдама алуына ұжым болып тілек білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: